Блог статистикасы
184
Blog
2448
Апелляциялық
96400
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Облыстың паспорты

кос

Қостанай облысы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан. 1936 жылы құрылды. Қазақстанның төрт облысымен (Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан) және Ресей Федерациясының үш облысымен (Орынбор, Челябі, Қорған) шектесіп жатыр. Облысымыздың  Ресей Федерациясымен шектескен шекарасы 1250 км ұзындықты құрайды.

rel.png

Рельеф. Облыс территориясы жазықты рельфпен сипатталады. Солтүстік бөлікті Батыс-Сібір ойпатының  оңтүстік-шығыс шеткері аймағы алып жатыр, ал оңтүстікте Торғай үстірті; облыстың батыс бөлігін Орал үстіртінің толқынды жазығы алса, оңтүстік-батыста – Сарыарқа.

Климат континенталды және өте құрғақ. Қыс ұзақ, аязды, қарлы боран мен күшті жел қыс бойы соқса, жазғы мезгіл аптапты ыстық және құрғақты. Жылдық көрсеткіші облыс солтүстігінде 250-300 мм, оңтүстікте 240-280мм. Вегетациялық период солтүстікте 150-175  күн, ал оңтүстікте 180 күн.

jer.png

Жер қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай: магнетиталық және оолиталық темір рудасы, боксит, қоңыр көмір, асбест, отқа төзімді және кірпішті саз балшық, цементті және косынды әк тас, песок, құрылыс тастары және т.б. Магнетиталық руда мен құба темірдің жалпы қоры  15,7 млрд. тоннаны құрайды. Пайдалы қазба мен минералды шикізаттың 400-ге жуық кен орындары бар: 68 – жерасты сулары, 19 боксит кен орны ашылды, 7 – алтын және бір-бірден  - күміс пен никель.

Су ресурстары.  Өзен жүйесі сирек. Облыс төңірегінде 300-ге жуық ұсақ өзендер ағып жатыр. Ең ірі деген өзендер – Тобыл (800 км облыс шеңберінде) және Торгай өзені (390 км). Тобыл өзенінде Тобылдың жоғарғы, Қаратамар және Амангелдінің су қоймалары орналасқан. Облыс аумағында 5 мыңнан астам көл бар. Олардың ең   ірілері: Құшмұрын, Теңіз, Қойбағар, Ақкөл, Сарыкөл, Алакөл және т.б.

topirak.png

Топырақ.  Облыс топырағы ауыр механикалық құрамымен ерекшеленетін сортаң және тұзды қара және сарғылт топырақ. Тың жерді игеруге байланысты барлық жер жыртылған. Облыстың солтүстік бөлігінде түрлі шөпті өсімдікті, қайыңды-көктеректі және қарағайлы орманды (Арақарағай, Аманқарағай) қара топырақ; орталықта – түрлі өсімдікті, қарағайлы орманды – Науырзымқарағай, қорық  ұйымдастырылған,  сарғылт топырақ; оңтүстік бөлікте – бетегелі және жусан өсімдікті ақшыл-сары топырақ.

2004 жылы  «Алтынсарин – Хромтау» темір жол торабы енгізілді. Бұл темір жол облысымызды батыс республика аумақтарының сауда нарығына шығуға мүмкіндік береді, Орта және Солтүстік республикалар аумағынан жүк тасымалдау қашықтығын қысқартады, Ақтау порты арқылы өтетін экспорт тасымалы жүктерінің ұзақтығын қысқартады.

хат жіберу
E-mail