Блог статистикасы
196
Жазбалар
2657
Өтініштер
125026
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Экспорттау

Қостанай облысының 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы сыртқы сауда қызметі туралы ақпарат

 

Қостанай облысы бойынша сыртқы сауда айналымы 2017 жылғы қайтар-қыркүйек айларында 1469,3 млн. АҚШ долларын (республиканың сыртқы сауда айналымының 2,6%), өсім өткен жылдың сәйкес кезеңінен 26,2% құраған (қаңтар-қазандағы ресми статистикалық мәліметтер жарияланбаған).

Тауар айналымы құрылымында экспорттық тасымалдар 48,5% құрайды, импорттық операциялардың үлесіне 51,5% шақ келеді. 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда облыс экспорты 16,2% артқан және 712,9 млн. АҚШ долларын құраған (республика экспортының көлемінің 2,1%). Импорт 756,4 млн. АҚШ долларын құраған және 37,5% артқан (республиканың иморты көлемінің 3,6%).

Облыстың экспорттық тасымалдарында өткен жылдың сол мезгілімен салытырғанда теміркенді өнімдерді жеткізу 28,9%, асбест 12% артқан, ал ұн экспортының көлемдері 4,4% және астық 27,8% төмендеген.

Экспорттық тасымалдар жүзеге асырылатын негізгі елдер: Ресей (үлесі 57,7% немесе 411,2 млн. АҚШ доллары), Ауғанстан (17,7% немесе 126,5 млн. долл.), Өзбекстан (8,3% немесе 59,7 млн. долл.), Қытай (2,2% немесе 15,7 млн. долл.), Үндістан (1,6% немесе 11,4 млн. долл.) және Тәжікстан (1,7% немесе 12 млн. долл.).

Облысқа негізінен өңірде шығарылмайтын тауарлар имортталады. Үлес салмағы жабдықтар (24,2%), көлік құралдарын (19,1%), қара металдан жасалған бұйымдарға (10,4%), дәрумендерге (5,5%) шақ келеді.


Қостанай облысының сауда қызметінің 2017 жылдың қаңтар-қазан айларындағы дамуы туралы ақпарат

Статистиканың мәліметтері бойынша көтерме сауда айналымы 2017 жылдың қайтар-қазан айларында 409731,5млн. теңгені құраған,көтерме сауда айналымының 2016 жылдың тиісті кезеңіндегі НКИ 103,8 %.

Ішкі сауда кәсіпорындары облыс тұрғындарына 215908,8млн. теңге сомаына тұрғындарға тауарлар мен өнімдерді өткізген,бөлшек сауда айналымының 2016 жылдың тиісті кезеңіндегі НКИ104,7 % құраған.

Апта сайынғы негізде облыстың қалалары мен аудандарында әлеуметік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорына мониторинг жүргүзіліп тұрады.

Көтерме-бөлшек және әлеуметтік кәсіпорындардың қызметін ұйымдастыру үшін жағдайлар жасалуда, онда өнімдер минималды бөлшек қосылған бағалармен ұсынылады.

Облыста 33 әлеуметтік дүкен, 62 бөлім мен 108 сауда орны бар.

Негізгі азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің сауда нарықтарына қолжетімділіктерін болдырмау мақсатында «Отаусауда» ЖШС, «Дастархан» және «Береке» сауда нарықтарында жергілікті тауар өндірушілер мен жеке өнімдерін сатуды ұйымдастыру үшін қосалқы шаруашылығы бар тұлғаларға сауда орындары берілген.

Сонымен қатар, облыс аумағында «ТОТ» бөлшек сауда дүкендерінің желілері мен Қостанай қаласында «Солнечный», «Астыкжан» және «Тамаша» супермаркет желілері орналасқан.

Облыстың қалалары мен аудандарында 6948 сауда объектісі мен 947 қоғамдық тамақтану объектісі бар.

Облыста 44 жұмыс істейтін нарық бар, оның ішінде: 3 –азық-түлік, 16 –азық-түліктік емес, 23 –әмбебап және 2 –арайы нарық бар.

44 сауда орындарының ішінен – 42 бөлшек сауда және 2 көтерме-сауда нарықтары: санаттары бойынша 2 нарық –бірінші санатты, 14 нарық –екінші санатты және 28 нарық – үшінші санатты топтарға жатады.

Облыстың тұтынушылар нарығына жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу Өзбекстанан, Қырғызстаннан, Қытайдан және Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен жүзеге асырылады.

хат жіберу