Блог статистикасы
189
Blog
2482
Апелляциялық
99815
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

"Қостанай облысы әкімнің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Әкімдіктің

2017 жылғы 6 маусымдағы

№ 286 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Қостанай облысы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  әкімнің  және Қостанай облысы жергілікті атқарушы органының қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады (бұдан әрі – әкімдік).

2. «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары:

1) «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің "Қостанай облысы мемлекеттік мекемелерінің шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) Қостанай облысы әкімдігінің "Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны;

3) Қостанай облысы әкімдігінің "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) «Қостанай облысы әкімдігінің аумақтық қорғаныс бригадасының басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

3. «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де  нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4.  «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері,                 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

5. «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз дербес атынан қатысады.

6. «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің егер оған бұл үшін заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің  атынан азаматтық-құқықтық  қатынастарға тарап ретінде қатысуға құқығы бар.

7. «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.

9. Орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66.

10. Мемлекеттік органның толық атауы  «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі»;

11. «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде күн сайынғы (сенбі мен жексенбіден басқа) жұмыс уақытының ұзақтығы, демалу мен тамақ ішуге арналған  сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзілісімен, сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін белгіленеді.

12. Осы Ереже «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

13. «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

14. «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындауда кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне тыйым салынады.

Егер «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

2. Мемлекеттік мекеменің миссиялары, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

15. «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы облыс әкімінің және әкімдігі қызметінің жұмысын сапалы және уақытылы ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық  қамтамасыз ету болып табылады.

16. Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

1)  облыс әкімінің және әкімдігінің өкілеттігін Қазақстан Республикасының  заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде іске асыруын қамтамасыз ету;

2)    тиісті аумақтың дамуына мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлесімде жалпы мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етуіне атқарушы органға  жәрдем беру;

3)     Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де міндеттер.

17. «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1) облыстағы ішкі саяси және экономикалық ахуалды зерделеу және талдау, оның дамуын болжау, қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың жұмысын талдау, облыс әкіміне және әкімдік мүшелеріне олар сұратқан мәселелер бойынша ақпарат дайындау;

2) облыс әкімінің және әкімдігінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шығаруды қамтамасыз ету;

3) облыс әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;

4) облыстың, қалалар мен аудандардың, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың әкімдері аппараттарының құрылымдық бөлімшелеріндегі  атқарушылық тәртіптің жағдайына талдау жүргізу және облыс әкімін  хабардар ету;

5) облыс әкімінің және  әкімдік мүшелерінің тапсырмасы бойынша соттарда облыс әкімінің және  әкімдігінің мүдделерін білдіру және қорғау, прокурорлық  ден қою актілерін қарау;

6) облыс әкімдігінің отырыстарын, облыс әкімі мен оның орынбасарларының кеңестерін,  семинарлар мен өзге де   іс-шараларды және дайындау мен өткізуді жоспарлау және ұйымдастыру, кеңестердің материалдары мен хаттамаларын ресімдеуді және таратуды жүзеге асыру;

7) облыс әкімінің және әкімдігінің  орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

8) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдарының, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының, облыстық атқарушы органдарының, ауылдық округтері, кенттер мен ауыл  әкімдерінің орындауын бақылауды жүзеге асыру;

9) облыс әкімінің және әкімдіктің іс қағаздарын, соның ішінде құпиялы іс қағаздарын жүргізуді нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ұйымдастыру және жүргізу;

10) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған  жұмысты ұйымдастыру;

11) облыс әкімінің, әкімдік мүшелерінің тапсырмалары бойынша құзыреті шегінде тексерулер жүргізу, қажет болған жағдайда тиісті лауазымды тұлғаларды ауызша тыңдау және жазбаша түсініктемені талап ету;

12) «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын даярлауды және қайта даярлауды үйлестіру;

13) «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларының аттесттациясын ұйымдастыру және өткізу;

14) ақпараттық деңгейін арттыру және «электрондық әкімдік» жүйесін дамыту жөнінен жұмыс жүргізу;

15) мемлекеттік наградалармен, облыс әкімінің грамотасымен марапаттауға ұсыну үшін құжаттарды дайындауды ұйымдастыру;

16) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қарауды қамтамасыз ету, облыс әкімінің және әкімдік мүшелерінің жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдауын өткізуді ұйымдастыру;

17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыру;

18) осы ереженің 2-тармағында көрсетілгенведомстволарды басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;

19) өзінің құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру;

20); Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасы шеңберінде сайлау өткізу мәселелері жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру дайындығын және өткізуді жүзеге асыру;

21) облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайына, стратегиялық жоспарына, перспективалық даму бағыттарын болжау және өңдеуге талдау жасауды жүзеге асыру;

22) заңнамада қарастырылған құзыреті шегінде жергілікті көлемдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі, азаматтық қорғаныс бойынша, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, терроризмнің алдын алу жөнінде іс-шараларды ұйымдастыру, терроризмге қарсы комиссияның жұмысын ұйымдастыруда облыстың жергілікті атқарушы органдарына практикалық көмек көрсету;

23) әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жиын) пункттерімен, дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен, медициналық және шаруашылық мүліктермен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен жабдықтауды және оларды күтіп-ұстауды, медициналық және техникалық қызметкерлерімен, қызмет көрсететін персоналмен және медициналық комиссиялардың құрылуын  қамтамасыз ету;

24) нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды қоспағанда, азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдіктердің жұмысын үйлестіру;

25)      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де   функцияларды жүзеге асыру.

18. Ведомстволардың функциялары:

1) Қостанай облысы мемлекеттік мекемелерінің қызметтік ғимараттарын пайдалануды, күтіп-ұстауды, көліктік және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

2) білім алушылардың білімге қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру үшін жергілікті, аумақтық басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдырының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және өткізу;

3) Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясының жұмысын ұйымдық, қаржылық және материалды-техникалық жағынан қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру;

4) Жұмылдыруды хабарлаған, әскери жағдайды енгізген кезде және соғыс уақытында облыстың  әкімшілік аумағында аумақтық қорғаныс жүйесінің жұмысын ұйымдық, қаржылық және материалдық-техникалық тұрғыдан  қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру.

19. «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

1) облыс әкімінің және әкімдігінің мүдделерін білдіру;

2) өзінің құзіреті шегінде мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалар мен өзге ұйымдардан облыс әкімінің және әкімдігі құзыретінің мәселелері бойынша қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрату және алу;

3) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша облыс аумағында орналасқан ұйымдар басшыларына қажетті тапсырмалар беру;

4) тиісті аумақта басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

7) Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.

 

 

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

 

       

    20.«Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген  міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларының жүзеге асырылуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамағаны үшін жеке  жауап береді.

           21.«Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары бар, олар Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес лауазымға  тағайындалады және босатылады.

22 «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1)       «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда білдіреді;

2)       «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

3)       «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені, құрылымы және штаттық саны туралы ұсыныстарды әзірлейді және оларды әкімдіктің отырысына бекітуге енгізеді, еңбекке ақы төлеу қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерге материалдық ынталандырулар (сыйақылар) белгілейді;

4)      ішкі еңбек тәртібін белгілейді, құрылымдық бөлімшелердің қызметіне жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады, олар туралы ережелерді бекітеді, «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бөлім басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

5)      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мамандары мен техникалық қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;

6)      мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді;

7)      «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері міндетті түрде орындауға тиіс бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтар береді;

8)      әкімге әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын  қол қоюға ұсынады;

9)      әкімдіктің қабылдаған қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

10)  қолданыстағы мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға және еңбек заңнамасына сәйкес кадрлармен жұмысты бақылайды;

11)  құзіреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;

12)  қызметкерлерді іссапарларға жібереді;

13)  азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

14)  қажет болған жағдайда нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу үшін жұмыс топтарын құрады;

15)  өзінің құзіреті шегінде қаржылық құжаттарға қол қояды;

16)  әкім жүктеген өзге де функцияларды орындайды.

«Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігін атқаруды оның жоқ кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.  

23. «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

24.Қостанай облысы әкімінің аппаратына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы жетекшілік жасайды.

 

 

4. Мемлекеттік мекеменің  мүлкі

 

25.«Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамамен қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің есебінен қалыптастырылады.

26. «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік  коммуналдық меншікке жатады.

27.«Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің оған бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе,  өз бетінше иеліктен шығаруына немесе өзге де тәсілмен иелік жасауына құқығы жоқ.

 

 

5. Мемлекеттік мекемені  қайта ұйымдастыру және тарату

 

28. «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

_____________________

хат жіберу
E-mail